Еліміздің сегіз өңірінде тұман түсіп, боран соғады

Еліміздің сегіз өңірінде тұман мен бұрқасын салдарынан ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

17-18 желтоқсан күндері Маңғыстау облысында көктайғақ болады. 18 желтоқсанда тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысында синоптиктер жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ болады деп болжап отыр. Қарағанды облысында кей жерлерде секундына 15-20 метр жел тұрады.

18 желтоқсанда Ақмола облысында боран соғады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ және жел күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысында тұман сақталады.

Back to top button