«Ауыл» партиясының өкілдері зиялы қауыммен кездесті

Қазақстанның Республикасының Тәуелсіздігі күні «Ауыл» партиясының төрағасы Ә.Бектаев, партия атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Ә.Сатыбалдин, А.Мұхаметов, Қ.Тасыбеков, Д.Қуат Тәуелсіздік монументі мен Алматыдағы Желтоқсан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оңтүстік астананың шығармашылық және ғылыми зиялы қауымымен «Тәуелсіздікке тағзым» атты кездесу өткізді.

Партия өкілдерімен Молдахмет Қаназ, Қасымхан Бегіманов, Асқар Наймантаев, Маралтай Райымбеков және т.б. белгілі жазушылар мен ақындар кездесті.

Жазушы Молдахмет Қаназ өз сөзінде әріптестеріне қазіргі қоғамдағы, әсіресе коммуникация мәселелеріндегі әдебиетшілердің рөлі ерекше екендігін айтты. Ол кез келген жұмыстың басты мақсаттарының бірі – оқырманды әртүрлі дәуірде өмір сүрген әртүрлі мамандықтағы адамдармен, әртүрлі ақыл-ой иелерімен және кейіпкерлермен таныстыру екенін атап өтті. Кейіпкерлердің өмірін бақылай отырып, қоғамда көп нәрсені «қабылдайды», жаңа ұғымдарды талқылайды, тиімді қарым-қатынас пен өзара әрекеттесуді үйренеді. Сондықтан жазушы «ауылдықтардың» қазақ әдебиетін насихаттау жөніндегі үдемелі саясатын жалғастыруға шақырды.

Өз кезегінде, партия көшбасшысы Ә.Бектаев «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында ұлттық бірегейлікті сақтау тақырыбына ерекше назар аударылғанын айтты. Өйткені оның негізінде ғана қазіргі заманға сай шынайы патриот, адал және әділетті жаңа қазақстандықтардың моделін тәрбиелеуге болады. Әли Бектаев қазақстандықтар әрдайым алда жүргендерге теңесетінін және қоғамның осы авангардында бірінші болып жазушылар мен ақындар тұратынын айтты.

Қасымхан Бегіманов ауыл сөзі әрбір қазақстандық үшін жанына өте жақын екенін атап өтті: «Бұл анамның жылы қолдары да, бауырсақтардың дәмді иісі де, әрбір ақын үшін шабыт та. Сондықтан «Ауыл» партиясы мен үшін өте жақын».

Кездесу барысында партияның азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған ұсынысы да талқыланды. Өйткені, ең қауіпсіз және тәуелсіз мемлекет – өз халқын импортсыз тамақтандыратын ел.

Ақын Маралтай Райымбековтың пікірінше, қоғамның рухани байытуға деген қызығушылығы өзінің физикалық қажеттіліктерін қанағаттандырғаннан кейін ғана болады. Осы аспектіде «Ауыл» партиясының ауыл шаруашылығы секторын реформалау және Қазақстанды аграрлық державаға айналдыру жөніндегі бастамасы өте өзекті.

Мәжіліске кандидат, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қорғауға қатысты өз пікірімен бөлісіп, «Ауыл» партиясында тиісті заң жобасының бар екенін хабарлады. Ол сондай-ақ осы заңды қабылдау өзекті және уақтылы шешім болып табылатынын атап өтті.

Back to top button