Жаңалықтар

Ұлттық киім күнін министр де қолдайды

ашық дереккөзі

Ұлттық киім күнін министр де қолдайды

Тарихшы Арман Нұрмұханбетов елімізде Ұлттық киім күнін белгілеу туралы ұсыныс білдірген болатын. Арман Нұрмұханбетовтің бұл идеясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қолдады. Өз кезегінде Мәдениет және спорт министрі тек қазақтың ұлттық киім күнін ғана емес, Қазақстанды мекен еткен барлық ұлт өкілдерінің киім күнін енгізуді ұсынды. Ең алдымен Наурыз мейрамын кең көлемде тойлау қажеттігіне тоқталған Арысианбек Мұхамедиұлы: «Бізде Наурыз мейрамын тойлау бойынша концепция жасалды. Адамдар киіз үйге барып, тамақ ішіп қана қоймау керек. Бірінші кезекте, бұл мейрам балаларға арналуы тиіс. Біз Жаңа жылда не істейміз? Бәріміз балаларға сыйлық әпереміз, шырша әрлейміз. Меніңше, Наурызды балалардың мейрамы етпесек, оны сақтап қалу қиын. Ұлттық киімді киюге ұялатындай жағдайға жеттік», – деді. Ал ұлттық киімді осы мерекеде кию керек деп санайды. «Наурыз күні әрбір қазақстандық көшеге ұлттық киіммен шықса. Міндетті түрде сәукеле мен үлкен шапан кию емес, жәй ғана элементтерімен кисе. Қазақтар өз киімімен, орыстар өз киімдерімен, қалған халықтар да өз ұлттық киімдерін кисе. Бұл арқылы мейрамға сән береміз. Бұл күн күнтізбеде Президенттің Жарлығымен немесе үкіметтің қаулысымен пайда болмауы керек, қоғамдық бастама болуы керек», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.