Миллионның буы: үш қазақстандық әйел қытайларға суррогат ана болған

Красноярскіде жаңадан туған сәбилерді саудалау бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп жазды Tengrinews.kz.

Красноярск өлкесіндегі Тергеу комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың тамызында 32, 27 және 34 жастағы қазақстандық азаматшалар бір миллион рубль көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін Қытай азаматтарының баласын өмірге әкелу туралы келісім жасаған және 2020 жылдың сәуірінде Красноярскідегі медициналық мекемелердің бірінде екі ұл бала мен бір қызды өмірге әкелген. Олар баланы күтушіге қалдырып, өздері Қазақстанға қайтқан.

Тергеу комитеті РФ Қылмыстық кодексінің 127.1-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Балалар мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды. Олардың биологиялық анасы мен әкесі тергеу үшін және зерттеу жұмыстарын салыстыру үшін биологиялық материал алу мақсатында іздестірілуде.

 

 

Back to top button