Бөтен адамның көлігін тапсырыспен өртеп жіберген

Бөтен адамның көлігін тапсырыспен өртеп жіберген

Бөтен адамның көлігін тапсырыспен өртеп жіберген
ашық дереккөзі
Алматы полициясы біреудің көлігін тапсырыспен өртеп жіберген адамды анықтады. Өртеніп кеткен «Subaru» автокөлігі 68 жастағы К. есімді алматылыққа тиесілі. «Қылмыс 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында болған. Көлік өртенгенде ешкім зардап шекпеген. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-өрт-техникалық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов. Оның айтуынша, жедел және арнайы іс-шаралар кешенінің нәтижесінде күдікті анықталып, қамауға алынды. Бұл – 1983 жылы туған Ш. есімді азамат болып шықты. «Күдікті жұмысы үшін 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады. Тапсырыс беруші де дереу ұсталды. Автокөлік иесі екеуінің арасында өз ара келіспеушілік болған», – деді Рүстем Әбдірахманов. Сонымен қатар, ол екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.