Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, анасы мен қызы көз жұмды

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, анасы мен қызы көз жұмды

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, анасы мен қызы көз жұмды
ашық дереккөзі
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 желтоқсан күні сағат 14.31-де Гастелло көшесіндегі көпқабатты үйде өрт шыққан. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер бірден тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. «Жалын лезде тұрғын үйдің ағаш шатырына тарап кеткен. Жалпы аумағы 432 шаршы метрді құраған от сағат 16.26-да өшірілді. Тұрғындар үйінен өздері шығып үлгерген. 1966 және 1959 жылы туған екі әйел мен 12 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін екі адамның мәйіті табылған: 1974 жылы туған әйел мен оның 2011 жылы туған қызы», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Айта кетейік, өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам мен 12 техника жұмылдырылды.