Канвассинг шарасы аясында қариялармен кездесті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткер Исатай Ғабдуллин канвассинг іс-шарасы аясында сайқындық аға буын өкілдері Ұзақбай Өтеғалиев, Амангелді Мақсотов ағаларымыз бен Сабила Хамидуллина апамыздың  үйлеріне барып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мақсат-міндетін жіліктеп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Канвассинг шарасы

Ардагерлеріміз өз кезегінде үміткер Исатай Есетұлына ізгі тілектерін білдірді.

«Көз алдымызда ер жеттің. Қарапайым еңбек адамы, еңбекқорлығымен есімі елеулі Есет замандасымыздың жолын жалғастырып, үлкен әулеттің тізгінін ұстап отырсың. Ауыл азаматы ретінде де, шаруа қожалығының иесі ретінде ауыл адамдарының жағдайын жақсы білесің. Бізге облыстық мәслихатқа елдің мұңы мен жоғын дөп айтатын азаматтың барғаны керек. Осы сенімді ақтағайсың»-деді Ұзақбай ағамыз.

««Nur Otan» партиясы әр аймақтың өзіндік ерекшелігін ескеретін 216 сайлауалды бағдарламасын ұсынып отыр. Партия бастамасымен көптеген іс жоспарлауда. Ауданымызға қатысты айтсақ, жыл сайын 10 мың гектар бос жерді ауылшаруашылық айналымға беру, мың бас ірі қара арналған үш мал бордақылау алаңын салу, әскери сынақ полигонына берілген жердің 200 мың гектарын аудан тұрғындарының пайдаланылымына қайтару мәселесін мемлекет деңгейінде көтеру, Мұратсай су қоймасына, Қопаға су келтіру, т.б.  мәселелер қолға алынбақшы» -деді партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырған Исатай Ғабдуллин.

Ауыл ақсақалдылары мен ақ жаулықтысы үміткерге ақ жол тілеп, баталарын берді.

 Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы.  «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.
Back to top button