Жаңалықтар

Шоқан Уәлихановтың шығармалары алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрді

ашық дереккөзі

Шоқан Уәлихановтың шығармалары алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрді

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кембридж университетінің баспасы Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен серіктестіп Қостанай облысы әкімдігінің, Қазақстанның Ұлттық аударма бюросының, сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолдауымен ХІХ ғасырдың аса көрнекті қазақ ғалымдарының бірі Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармаларының ағылшын тіліндегі жинағын ұсынды. Ш.Уәлиханов қысқа ғұмырында шығыстану ғылымына қомақты үлес қосып үлгерді. Ол Қазақстан тарихында ғалым, этнолог, географ, картограф және суретші ретінде өшпес із қалдырды. Елші Е.Ыдырысов жоғары тарихи және ғылыми құндылығына қарамастан Ш.Уәлихановтың еңбектері әлі күнге дейін ағылшынтілді әлемде кеңінен танымал болмағанын атап өтті. «Ш.Уәлиханов Қазақстанның ғана емес бүкіл Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті үшін қосқан үлесі орасан. Оның еңбектері осы маңызды аймақтағы халықтар өмірінің көптеген аспектілеріне жарық түсірді. Бүгін біз Ш. Уәлихановтың 1865 жылы ағылшын тілінде жарық көрген төрт шығармасынан бергі алғаш рет аударылған жинағын ұсынамыз», – деді ол.