Карантин шаралары 11 қаңтарға дейін ұзартылды
Карантин шаралары 11 қаңтарға дейін ұзартылды
Шымкентте карантин және шектеу шаралары ұзартылды.
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың «Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы» 17 желтоқсандағы №46 қаулысына сәйкес, қала аумағында 21 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды.
Құжатта адамдар көп жиналатын кез келген іс шараны өткізуге тыйым салынған (ас беру, туған күн, құдалық, той, беташар және басқа).
65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелген. Қоғамдық орынға, адам көп жиналатын объектілерге барғанда, қоғамдық көлікке кірген кезде бетперде кию, антисептикті пайдалану талабы қатаң сақталады.
Жұмыс беруші жұмыс уақытын барынша қысқартып, кеңсе қызметкерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіреді.
Азық-түлік базары, азық-түлік емес базарлар (мамандандырылған, киім-кешек, мал және көлік базары), жәрмеңке қызметі, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метр арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін уақыты шектеледі, жабық емес базарлар қалыпты жағдайда жұмыс істейді.