16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
1 472 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 161 адам, анықтамасыз 311 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 648 жолаушы, анықтамамен – 621, анықтамасыз – 27; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 508 жолаушы, анықтамамен – 336; анықтамасыз – 172; Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 224 жолаушы, анықтамамен – 114; анықтамасыз – 110; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен – 89; анықтамасыз – 2; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 15 желтоқсанында анықтамасыз келген 147 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбұл-Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.