Францияда қазақ киносының жауһарлары көрсетіледі

Биыл Францияда онлайн форматта өтетін Қазақстан киносының фестивалі аясында қазақ киносының классикасына айналған туындылар көрсетіледі, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясы.

Ретроспектива шеңберінде қазақ киносының алтын қорына енген 14 кинотуынды фестивальдің ресми сайтында ұсынылады. Фильмдер 2020 жылы 16 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 4 қаңтарына дейін ашық көрсетілімде болады.

1938 жылы түсірілген «Амангелді» фильмінен бастап 1994 жылы жарыққа шыққан «Көзімнің қарасы» картинасына дейінгі барлық фильм хронологиялық ретпен түпнұсқа тілде (француз тілінде субтитрлері бар) көрсетіледі.

Франциядағы Қазақстан киносы классикасының ретроспективасы 71-ші Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағының иесі, актриса Самал Еслямованың қамқорлығымен өтеді. Фестивальдің құрметті президенті – режиссер Сергей Дворцевой.

Қазақстандық киноның Француздық қауымдастығы мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Тәуелсіздік күніне орайластырылған.

Back to top button