ДДСҰ Жаңа жылды көшеде тойлауға шақырды

ДДСҰ Жаңа жылды көшеде тойлауға шақырды

ДДСҰ Жаңа жылды көшеде тойлауға шақырды
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустық пандемияға байланысты Еуропа тұрғындарына Жаңа жыл мен Рождествоны көшеде қарсы алуға кеңес берді. Мереке қарсаңындағы ДДСҰ ұсыныстары ұйымның сайтында жарияланды. "Мүмкіндігінше, жиындарды көшеде өткізу керек, олардың қатысушылары бетперде тағып, қашықтықты сақтауы керек", — деп ескертті ұйым. Егер мерекелер үйде өткізілсе,  көп адам жинамауды, бөлмелерді  жиі желдетіп тұруды ескеру қажет. Бұл инфекцияның таралу қаупін азайтады. Алайда, ДДСҰ мұндай мерекелер тіпті шағын орталарда да қауіпті екенін еске салды, өйткені оларға әр түрлі жастағы және әртүрлі отбасылардан шыққан адамдар қатысады. Сондай-ақ, ДДСҰ 2021 жылдың алғашқы апталарында Еуропада жаңажылдық мерекелерде қажетті шаралар қолданылмаса, коронавирустық инфекцияның жаңа толқыны пайда болу қаупі жоғары екенін ескертті.