Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасыларға жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасыларға жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталды

Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасыларға жалға берілетін баспанаға құжат қабылдау басталды
ашық дереккөзі
Елордада көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталды.  Бұл бағдарламаға «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көпбалалы отбасылар (тек осы санат) қатыса алады. 161 пәтердің барлығы екі бөлмелі (51-77 ш.м.). Тұрғын үйлер Р. Қошқарбаев даңғылы; Е430 көшесі; Ж.Омаров көшесі; Ж. Нәжімеденов көшесі; А-91 көшесі; Р.Қошқарбаев даңғылы; Мақтымқұли көшесінде орналасқан. Өтініш қабылдау 15 желтоқсанда басталып, 23 желтоқсанға дейін жалғасады. Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде («Онлайн сервистер» - «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтінім беру» бөлімі) zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі. Үміткер Нұр-Сұлтан қаласында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұруы қажет. Іріктеу «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрып, құжат тапсырғандар арасында өтеді. Өтініш беру үшін ЭЦҚ кілті; балалардың туу туралы куәлігі/жеке куәлігінің сканерленген нұсқасы (болған жағдайда); мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (болған жағдайда); барлық отбасы мүшесінің Қазақстанда жылжымайтын мүлігінің жоқтығы жайлы анықтама; некені қию/бұзу/өлім/ ф-4 анықтамасы қажет. Өтініштерді қарастыру нәтижесі zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады. Аталған тұрғын үйді берген кезде ұзарту құқығымен 5 жыл мерзімге жалдау шарты жасалады.