Еуроодақ Apple мен Google-ға айыппұл салмақ

Еуроодақ Apple мен Google-ға айыппұл салмақ

Еуроодақ Apple мен Google-ға айыппұл салмақ
ашық дереккөзі
Еуропалық одақ Apple және Google корпорацияларына айыппұл салмақ. Қос компания қолданушыларға құрылғыға алдын ала орнатылған қосымшаларды өшіруге рұқсат беруі керек. Бұл талап орындалмаған жағдайда айыппұл көлемі жылдық кірістің 10 процентіне дейін жетуі мүмкін. Сарапшылар мұндай шаралар Еуроодақтың онлайн қызметтер нарығындағы инвестиция үлесін қысқартуға әкеледі деп болжайды, деп жазады 24.kz. "Біз компанияларға құрметпен қараймыз, бірақ олар үлкен болған сайын, олардың міндеті де ірі болуы керек деп есептейміз. Бүз үшін осы жағы маңызды. Еуропаның бәріне бірдей есігі ашық, алайда өзіміз үшін маңызды нәрсені қорғау үшін шешім қабылдау, бағыт-бағдар беру, ережелер енгізу - біздің жауапкершілігіміздегі мәселе", - деді Еуроодақтың ішкі нарық бойынша комиссары Тьерри Бретон.