Жаңалықтар

Мейрамханаға келіп, ештеңеге тапсырыс бермеген ер адам 2,3 млн теңге шайпұл қалдырды

ашық дереккөзі

Мейрамханаға келіп, ештеңеге тапсырыс бермеген ер адам 2,3 млн теңге шайпұл қалдырды

АҚШ-тың Огайо штатында ер адам Souk Mediterranean Kitchen & Bar мейрамханасына келіп, ештеңе тапсырыс бермесе де, ірі сомада шайпұл қалдырды. Бұл туралы мекеме өкілдері Facebook-тегі ресми топта хабарлады, деп жазады Lenta.ru.  Мейрамхана иесі Мусса Саллу (Moussa Salloukh) 13 желтоқсан, жексенбі күні желіде чектің суретін жариялады. Оның айтуынша, демалыс күндері олардың мекемесіне Билли деген атпен белгілі клиент келіп, оған бір пенни (5 теңгеден аз аз) сомасындағы шот әкеліп беруді сұрайды. Шотты төлеу кезінде жомарт келуші 5,6 мың доллар (2,3 млн теңге) шайпұл қалдырған.