Мейрамханаға келіп, ештеңеге тапсырыс бермеген ер адам 2,3 млн теңге шайпұл қалдырды

Мейрамханаға келіп, ештеңеге тапсырыс бермеген ер адам 2,3 млн теңге шайпұл қалдырды

Мейрамханаға келіп, ештеңеге тапсырыс бермеген ер адам 2,3 млн теңге шайпұл қалдырды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Огайо штатында ер адам Souk Mediterranean Kitchen & Bar мейрамханасына келіп, ештеңе тапсырыс бермесе де, ірі сомада шайпұл қалдырды. Бұл туралы мекеме өкілдері Facebook-тегі ресми топта хабарлады, деп жазады Lenta.ru Мейрамхана иесі Мусса Саллу (Moussa Salloukh) 13 желтоқсан, жексенбі күні желіде чектің суретін жариялады. Оның айтуынша, демалыс күндері олардың мекемесіне Билли деген атпен белгілі клиент келіп, оған бір пенни (5 теңгеден аз аз) сомасындағы шот әкеліп беруді сұрайды. Шотты төлеу кезінде жомарт келуші 5,6 мың доллар (2,3 млн теңге) шайпұл қалдырған.  width= "Бұл менің қызметкерлеріме жасалған мейірімділік ишарасы", — деді Саллу. — Әдетте желтоқсан айында мейрамхана қызметкерлерінің жүктемесі артады және шайпұлдары да көбейеді. Желтоқсанда олар отбасына сыйлықтар сатып алуға, жинақ жасауға, қарыздарынан құтылуға немесе бұрыннан жоспарланған істерін тындыруға ақша таба алады". Саллу биылғы жылы COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулер салдарынан мейрамхана қызметкерлеріне өз қажеттіліктері үшін ақша табу қиынға соққанын атап өтті. "Сондықтан біз бұл клиенттің мейірімділік ишарасын жоғары бағалаймыз", — деп қорытындылады мейрамхана иесі. Сондай-ақ, ол мейрамхананың 28 қызметкерінің әрқайсысы 200 доллар (83 мың теңге) алғанын айтты.