Жаңалықтар

Дубайдағы «Бурдж Халифа» мен Анкарадағы «TOBB» Қазақстан туының түсіне боялды

ашық дереккөзі

Дубайдағы «Бурдж Халифа» мен Анкарадағы «TOBB» Қазақстан туының түсіне боялды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында және Түркия астанасы - Анкарада биік ғимараттар Қазақстан Республикасы туының түсіне боялды. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында Анкарадағы TOBB ғимаратындағы көріністі бөлісті. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Түркияның елордасы Анкара қаласының төрінде TOBB ғимаратында бүгін көк байрағымыз желбіреді» делінген хабарламада.