«Тажал қаруын» қысқарту – адамзаттың міндеті

«Тажал қаруын» қысқарту – адамзаттың міндеті

«Тажал қаруын» қысқарту – адамзаттың міндеті
ашық дереккөзі
Астанада «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы өтті Апта басында Астанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы­на 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференция өтті. Оған Қазақстан Республикасының Президенті  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, форумда сөз сөйледі.  Форум БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, жыл сайын атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы шаралардың халықаралық күніне орай ұйымдастырылды. Бұл басқосуға әлемнің 50 елінен 200-ге жуық халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді саясаткерлер, парла­менттік қоғамдастықтың мүшелері мен сарапшылар қатысуда. Форум жұмысында қарусыздану және ядролық қаруды таратпау сияқты өзекті мәселелер ортаға салынды. Астана конференциясына БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімінің Бас директоры, Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы Майкл Мёллер, Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Даярлау комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербо, Парламентаралық одақтың Президенті және PNND тең төрағасы Сабер Чаудхури, «Невада-Семей» антиядролық қоз­ғалысының негізін салушы, ақын Олжас Сүлейменов, басқа да халықаралық ұйым­дардың, үкіметтік емес ұйымдардың көрнекті өкілдері, жалпы алғанда, елуден астам елдердің белгілі діни қайраткерлері қатысуда. 29 тамыз – барша адамзат тари­хындағы айтулы күн. 25 жыл бұрын, дәл осы күні менің Жарлығыммен жер бетін­дегі ең үлкен ядролық сынақ алаң­дары­ның бірі – Семей полигоны жабылды. 40 жыл бойы 500-ге жуық ядро­лық жарылыс жасалған полигон­ның үні біржола өшті. Осылайша, халқымыз тәуел­сіз­дік таңы атар сәтте бейбітшілік жолын таңдайтынын барша әлемге паш етті. – Бұл Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік көшін бастаған теңдес­сіз қадамдарының бастауы болды. Биыл біздің еліміз Тәуел­сіз­дігінің 25 жылдық мерейлі белесін атап өтуде. Қазақстан ширек ғасырдан бері тұтас жер беті бейбітшілікке бө­ле­нуі үшін бар күш-жігерін салып келеді. Біз қуаты жөнінен әлемде төр­тінші орынға ие ядролық қарудан өз еркімізбен бас тарттық. Әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында көптеген тың бастамалар көтердік. Қазақстанның бұл бағыттағы сан жылдық ерік-жігері мен ұсын­ған «Әлем. XXI ғасыр» мани­фесінде көрініс тапты. Біздің бейбіт бастамалар­ы­мыз­дың бәрі де әлем қауым­дас­ты­ғының жаппай қолдауына ие болуда. Соның нәтижесінде, Қазақстан жаһандық ядролық қарусыз әлем қозғалысының көшбасшысына айналды, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының айтуынша, ядролық сынақ аймақтағы адами фактор мен тірі табиғаттың сәулелік патологияға ұшырауына әкеп соқтырған. Ал мамандардың бағалауы бойынша сәулеленуге ұшыраған адамдар­дың жалпы саны бес жүз мыңнан асады. Сонымен қатар, қазақстан­дық­тардың әлі де бірнеше ұрпағы денсау­лықтарында ажал құштыратын сынақ­тардың әсері мен салдарын сезінетін болады. Бұл туралы бұған дейін де айтылған, ядролық сынақтардың зардабын тартқан – бейкүнә тұрғындар. «Қазақстан мен қазақстандықтар ядролық сынақтардың әлемдегі ешбір мемлекет пен халықтар бастан кешірмеген зиянын шекті. Сондықтан,  Қазақстан мен Жапония ядролық қарудың қасіретін, оның зардаптарын жақсы түсінеді. Екі мемле­кеттің ядролық қаруға тыйым салу туралы бастаманы ұдайы көтеріп отыратыны да сондықтан. Біздің Ядролық қарудан азат елді құру туралы талпынысымыз – Мәң­гілік Ел жалпыұлттық идеясының маңызды құрамы, – деді Елбасы. ХХІ ғасырда әлемді жаһандық ядролық соғыс қатерінен арылту­дың парасатты баламасы жоқ. Жер өркениетінің дамуы, ғы­лыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңіне тым тақап келген Төртінші индустриялық революция, ядролық қаруды таратпау және жою міндетін адамзаттың аман қалуы мәселесіне айналдырып отыр. Қазіргі кезде әлемдік ядролық жанжал алдындағы жалпыға ортақ қауіп сезімі ішінара ұйқыға кеткендей. Кейбіреулер алдыңғы онжыл­дықтарда қалыптасқан халық­аралық уағдаластықтар жүйесіне үміт артады. Бірақ шындық мынадай, қабыл­данған шарттар ядролық клуб державаларының ХХ ғасырдың ең соңында кеңеюіне кедергі келтіре алмады. Халықаралық құқықта, өкініш­ке қарай, атомды әскери қолдануға тыйым салатын режімді айналып өтуге мүмкіндік беретін көптеген екіұштылықтар бар. «Мен планетаны ядролық өзін өзі жою қатерін шешімді түрде төмендету мүмкіндігін осыдан көремін. Үшіншіден, әскери қуаттардың осындай түрлеріне де-факто ие барлық мемлекеттердің қатысуымен ядролық арсеналды қысқарту үдерісін көпжақты қылу қажет. Оған қазіргі таңда «табал­ды­рықтағы» топқа жататын мем­лекеттердің ядролық мәртебелерін толық заңдастыру алғышарт қалауы тиіс. Барлық ядролық державалар Ядролық қару-жарақты қысқарту туралы шарт қалыптастыру бо­йынша келіссөздерге кірісуі керек. Төртіншіден, ХХІ ғасырда яд­ро­лық қауіпсіздіктің халық­аралық құқықтық базасы өз негізін нығайтты», – деді сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстанның бастамасы­мен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылдың 7 желтоқсанында, адам­зат тарихында алғаш рет, Ядро­лық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазірде ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі барлық халықаралық құқықтарды коди­фи­кациялаудың маңызы зор. «Ядролық державалардың атом қаруына ие болудан өз еркімен бас тартқан, сондай-ақ, ядросыз мәр­тебесіне ие мемлекеттерге кепіл­діктерінің заңдық тұрғыда мін­деттейтін жүйесін дамыту қажет. Ядролық қаруға ие болуға және таратуға қарсы қатаң шаралар қолданудың нақты жұмыс істейтін механизмін қалыптастыру керек. Мұндай көпжақты келісімдерді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен бекіткен орынды», – деді Президент. ҚР Президенті Қазақстанның ғалам­шардың ядролық өзін-өзі жою қаупінің толық алдын алуға бағытталған бірегей тәжірибесі әлемдік тарихтағы қайталанбас жалғыз мүмкіншік екендігін баса айтты. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті әлемнің барлық үкіметтерін ядролық қауіпсіздіктің негізін құрайтын халық­аралық шарттар мен институттардың одан әрі нығаюы үшін жаңа міндеттемелерді қабылдауға шақырды. Қазақстан аумағындағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және ядролық арсеналдың жойылуы жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысқа үлкен серпін берді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев - осы қозғалыстың бірден-бір көшбасшысы болып табылады Жиынның жалпы отырысын қоры­тындылай келе ҚР Президенті Н.Назар­баев мұндай сыйлыққа да қолдау білдіруге болатынын айтты. «Мен конференция барысында көтерілген арнайы сыйлық бекіту туралы бастаманы қолдаймын. Дегенмен, оның атауына қатысты ойлануға тиіспіз. Ал, тұтастай алғанда, бұндай сыйлық тағайындауға қолдау білдіремін. Бұл сыйлық, бәлкім, «Ядролық қарусыз әлем үшін» сыйлығы деп бекітілер, мүмкін оны «Ядролық қарусыздану саласындағы сыйлық» деп атармыз. Біз бейбітшілік үшін берілетін сыйлыққа дәл «ядролық қарусыз­дану» мәселесін қосуымыз керек. Әйтпесе, әлемде бейбітшілікке қатысты тағы бір-екі халықаралық сыйлықтар тағайындалады. Сондықтан да, біз бұны ойланатын бола­мыз», – деді Елбасы. Бұл алқалы жиынға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун өз құттықау хатын жолдаған болатын. Қазақпарат мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың қараша айын­да Астанада Бейбітшілік саммиті өтетінін еске салып, сол алқалы басқосуда  аталған сыйлықты тағайындау және оның алғашқы лауреатына сыйлықты табыс ету мәселесі шешіліп қалуы мүмкін екенін жеткізді.