104 жастағы дәрігердің 9 000 баласы бар

104 жастағы дәрігердің 9 000 баласы бар

104 жастағы дәрігердің 9 000 баласы бар
ашық дереккөзі
104 жастағы АҚШ-тың Детройт қаласының тұрғыны Филипп Певен 40 жылдан аса уақыт дәрігерлік қызметінде емделушілерді ұрықтандырған. Нәтижесінде 9 000-ға жуық баланың әкесі атанды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты The Sun басылымына сілтеме жасап. Дәрігер жүкті болғысы келетін клиенттер үшін ұрық (сперма) доноры болған. Дәрігердің нақты қанша баланың әкесі екені қызы Джейми Холлдың өз әкесін іздеуі себепкер болады. ДНҚ тестінен өткен Джейми Холл өзінің биологиялық әкесі Филипп Певен екенін білген. Кейін Джейми өзінің туған бауырлары мен әпкелерін іздеуге кіріседі. Ол туыстарын 23andMe биотехнологиялық компаниясының сайты арқылы іздейді. Қыз туысы болуы мүмкін адамдармен байланысып, тіпті биыл қаңтар айында «әпкесімен» бірге әкесі Певенмен кездескен. Филипп Певен өзінің биологиялық материалын клиенттерді ұрықтандыру үшін пайдаланғанын және оның әріптестерінің де донор болғанын мойындаған. Джейми Холл мен оның ағалары мен әпкелері бұл жағдайға түсіністікпен қарап отыр. «Мен бұл жағдайдан жамандық көріп тұрғаным жоқ. Барлық әйел, оның ішінде менің анам да оған амалдың жоғынан келді. Ол әйелдерге керегін берді. Менің әкем адамдарға көмектесуге тырысты деп ойлаймын. Ол болмаса, қазір мен осында болмас едім», – дейді Джейми Холл.