1 млн 400 мың теңге айыппұлы бар Land Rover жүргізушісі ұсталды

1 млн 400 мың теңге айыппұлы бар Land Rover жүргізушісі ұсталды

1 млн 400 мың теңге айыппұлы бар Land Rover жүргізушісі ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда  полиция қызметкерлері Жарбосынов пен Тайманов көшелерінің қиылысында терезесі қараңғыланған Land Rover маркалы автокөлігін тоқтатқан. «Көлік жүргізушісі автоинспекторлардың тоқта деген заңды талабын орындамай, жасырынуға тырысқан. Тексеру барысында 33 жастағы көлік жүргізушісінің атында төленбеген жалпы сомасы 1,4 миллион теңге болатын 51 айыппұл бар екені анықталды»,  – деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Одан бөлек, заң бұзушыға қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды: тоқтау туралы талапты орындамағаны, жалған мемлекеттік тіркеу нөмір белгісімен жүру, жүргізу куәлігінен айырыла тұра автокөлік құралын басқару, сонымен қатар көлік терезелерін қараңғылау. көлік құралын жүргізу, Жиналған материалдар сотқа жіберілді, ал автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды.