Toyota 10 минутта қуатталатын автомобиль шығарады

16 желтоқсан, 2020 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Toyota 10 минутта қуатталатын автомобиль шығарады 2021 жылы Toyota компаниясы қуат көзінен зарядталатын электр автомобилін жасап шығармақ. Автомобильдің аккумуляторы 10 минут ішінде нөлден 100 пайызға дейін қуатталады. Аккумулятордың күші 500 шақырымға дейін жетеді. Осылайша Toyota 2021 жылдан бастап қатты денелі батареясы бар электр машина шығаратын өндіруші атанбақ. Алғашқы тәжірибелік нұсқадағы автомобильді биыл 2020 жылғы Олимпиада ойындарында таныстыру жоспарланған, алайда коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілді. Компания бүгінде аталған жобаға байланысты мыңнан астам патентке ие болды. Осыған ұқсас жобамен Nissan компаниясы да айналысып жатыр. Алайда Nissan компаниясының электр машинасы 2028 жылы шығады.