Коронавирустан қайтыс болғандардың денесі тоңазытқышта сақталады

Коронавирустан қайтыс болғандардың денесі тоңазытқышта сақталады

Коронавирустан қайтыс болғандардың денесі тоңазытқышта сақталады
ашық дереккөзі
Калифорния коронавирустық асқынудан қайтыс болған құрбандарға арнап тоңазытқыш вагондар мен қап дайындап жатыр. Штат коронавирус құрбандарына арналған 5 000 қап пен 60 тоңазытқышқа тапсырыс берген. Оларды жергілікті ауруханаларға орналастырады. Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом штат COVID-19 пандемиясы басталғалы бергі ең ауыр кезеңді бастан кешіп жатыр деп атап өтті. Оның айтуынша, соңғы бір айда күн сайынғы өлім саны орташа есеппен төрт есе артқан. Ал тоңазытқыш вагондар мен қаптар коронавирустан көп зардап шеккен Лос-Анжелес және Сан-Диегоға жіберіледі. Айта кетсек, коронавирустың тарауынан 2020 жылғы көктемде қайтыс болғандардың денесі Нью-Йорк штатында тоңазытқыш вагондарда сақталғаны белгілі болды. Қаланың сот-медициналық басқармасының мәліметі бойынша, тоңазытқышта отбасы әлі анықталмаған немесе туыстары тиісті жағдайда жерлеуге мүмкіндігі жоқ адамдардың денесі сақталған.