Қостанайда Nur Otan партиясының үгіт-насихаты жалғасуда

Қостанайда Nur Otan партиясының үгіт-насихаты жалғасуда

Қостанайда Nur Otan партиясының үгіт-насихаты жалғасуда
ашық дереккөзі
2020 жылы 10 желтоқсанда басталған «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат науқанының қарқын алуы жалғасуда. Үміткерлер облыстың әрбір тұрғынына өздерінің сайлауалды бағдарламаларының мәні мен әр дауыстың маңыздылығын жеткізуге тырысып, экспромт жиналыстар, үйден үйге үгіт-насихат, облыс тұрғындарымен жеке кездесулер өткізеді, сайлаушылардан кеңес, өтініштер мен шағымдарды тыңдайды және қабылдайды. Бүгін Қостанай қаласының ірі сауда орталықтарының бірі «Март» СҮ облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер Қадырғали Джаманбалин  мен Аслан Дабылов халықпен экспромт кездесу өткізді. Үміткерлер  үшін шағын және орта бизнес қазіргі уақытта коронавирустық пандемияға байланысты қиындықтарға тап болып отыр, сондықтан оның өкілдерімен сындарлы диалог құрып, осы жағдайды қалай жақсартуға болатынын түсіну өте маңызды. Кері байланыс үшін үміткерлер оффлайн, Instagram және Facebook сияқты әлеуметтік желілерде де әрқашан ашық, мұнда кез-келген азамат көкейіндегі сауалын қойып тез арада тұшымды жауап ала алады. Бірде-бір пікір немесе шағым назардан тыс қалмайды. «Біз үшін әр адамды түсіну және есту маңызды. Қазір ғаламдық міндеттер тұр: өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамыту. Партия мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда »- деді Қадырғали Джаманбалин. Үміткерлермен бірге сауда орталығында Jas Otan ЖҚ белсенділері  қала тұрғындары мен сауадгерлерге үгіт-насихат парақшаларын таратып жүрді. Жалпы іс-шара барлық  санитарлық нормаларға сай өткізілді.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді