Қазақстандықтар алғаш рет Disney киноконцерттерін тамашалай алады

Қазақстандықтар алғаш рет Disney киноконцерттерін тамашалай алады

Қазақстандықтар алғаш рет Disney киноконцерттерін тамашалай алады
ашық дереккөзі
27 желтоқсан күні сағат 17:00-де "Астана" телеарнасынан танымал анимациялық фильмдердегі әуендерді тыңдап, сүйікті көріністерді қайта көру мүмкіндігі тумақ. Еліміздің талантты әншілері – Данияр Өтеген, Адам, Кентал, Данэлия Төлешова, Ерден Жақсыбек, Жарқынай Ханайым, Балжан Бидаш, Берік Бердекеев, Әбілқайыр Жұмабай және Наргиз Кудренова  Александр Беляков жетекшілік ететін үлкен симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Disney-дің анимациялық фильмдерінің қазақ тіліндегі атақты саундтректерін орындайды. "Сұлу мен Құбыжық", "Мулан", "Аладдин", "Арыстан Патша", "Покахонтас", "Моана", "Ханшайым мен құрбақа", "Зверополис", "Су перісі", "Рапунцель", "Мұзды өлке" сияқты классикалық фильмдерден алынған музыкалық жауһарлар көрерменге тарту етілмек. ⠀ Киноконцерт балаларды жанды музыканың керемет әлемімен таныстырады. Эльза, Анна, Белл, Аладдин, Симба және басқа да сүйікті кейіпкерлер балалардың классикалық әуенге қызығушылығын оятары анық.