Жаңалықтар

ШҚО-да пойыз жолаушыларынан ПТР-анықтама талап етілмейтін болды

ашық дереккөзі

ШҚО-да пойыз жолаушыларынан ПТР-анықтама талап етілмейтін болды

Шығыс Қазақстан облысында пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР тест анықтамасы талап етілмейтін болды. Бұл жайлы бүгін шыққан Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған. «Шығыс Қазақстан облысының ішкі әуе және теміржол қатынастарында COVID-19 бойынша шектеу шараларын күшейту туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 31 қазандағы № 59 қаулысына өзгерістер енгізілді. Енді пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР тест анықтамасы талап етілмейді», - делінген құжатта. Жаңа қаулы 16 желтоқсаннан бастап күшіне енді.