"Балаларымды құтқаруға көмектесіңіздер": Ақтөбе тұрғыны ұлы мен қызына азғындық жасалғанын айтты (видео)
"Балаларымды құтқаруға көмектесіңіздер": Ақтөбе тұрғыны ұлы мен қызына азғындық жасалғанын айтты (видео)
Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелімен бірге тұрып жатқан азамат балаларына азғындық жасайды деп санайды. Полиция департаменті бұл мәлімдемеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы. Ер адамның екі баласы бар: үлкен қызы сегіз жаста, ұлы алтыда. Ақтөбе тұрғынының айтуынша, ол қызының телефонынан интимдік сипаттағы фотоларды көрген. "Балаларды алып кеткенімде қызымның телефонынан интимдік сипаттағы фотоларды көрдім. "Бұл фотоны кім түсірді?"деген сұрағыма қызым жауап бермей, жылап жіберді. Менің анаммен, яғни әжесімен әңгіме барысында бала анасының қалай фотоға түсу керек екенін көрсетіп тұрғанын, ал онымен бірге тұратын ер адам фотоға түсіргенін айтты", - деді қазақстандық. Сонымен қатар ер адам оның полицияға берген арызы қараусыз қалғанын айтты. Соған байланысты ІІМ мен Бас прокуратурадан көмек сұрап, видео түсірген. Телеарнаның хабарлауынша, бұл іс бойынша полиция "жас балаларды азғындық жолға түсіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 124-бабы ("жас балаларды азғындық жолға түсіру") бойынша белгілі бір лауазымды атқару немесе қандай да бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.