100-ден астам адам аштық жариялады
100-ден астам адам аштық жариялады
Сочидегі босқындар орталығында сейсенбі күні жүзден астам адам аштық жариялады. Олар тамақ пен тазалықтың нашарлығына наразы, деп хабарлады "Медиазона".
Хабарларға қарағанда, Федералдық көші-қон қызметінің құзыретін Ішкі істер министрлігіне беру жұмыстары созылып кетуіне байланысты, босқындарды депортациялау баяу жүріп жатыр. Орталық - қорғалған нысан болғандықтан, оны босқындар өз еріктерімен тастап кете алмайды. Көпшілігі Ресейден өз қаражаттарымен кетуге дайын, бірақ мекеме қызметкерлері оларды әуежайға жеткізе алмай отыр.
Шетелдіктерді уақытша ұстау орталығы Сочи қаласының маңындағы Вардан қыстағында 2013 жылы ашылған. Бір жыл бұрын орталыққа шағым көбейген соң, мекемені Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңесінің өкілдері тексерген болатын.