Жаңалықтар

«Nur Otan» азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

ашық дереккөзі

«Nur Otan» азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Ақтөбе қалалық маслихат депутаттығына үміткер Аслан Жұмашев пен Манас Ершеге «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында қаладағы аға буын өкілдерімен кездесті. – Құтты мекен Ақтөбеге сыйлы болған азаматтарымызға сайлауалды бағдарламаны насихаттауға келіп отырмыз. Осы жылы барлығымыз үшін сынақ болды. Пандемиядан кейін көп адамдардың көзқарастарды өзгерді. Барлығы ретімен реттеліп жатыр. Осы сайлауда «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейінгі жеті бағыттан тұратын бағдарламасын жария етті, – деді Аслан Жұмашев. Кездесу барырысында үміткерлер «Экономикалық тұрақты қала», «Жайлы қала», «Әлеуметтік бағдарланған қала», «Жастар үшін қала», «Тарихы мен мәдениеті бай қала», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз қала» деп жеке-жеке тоқталып өтті. Бірінші бағытқа кіретін азық-түлікті қамтамасыз етуге аса назар аударды. – «Nur Otan» партиясы әрбір жеке азаматтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін тұрақты экономикалық дамуды бағдар етіп қойды. Жыл сайын кемінде 6 мың жаңа жұмыс орнын құрып, оның ішінде 18 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Партия азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.  Коронавирустық пандемия жағдайында нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытуда басты назар ішкі азық-түлік нарығын сақтап,  экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуге аударылатын болады. Басында айтып өткенімдей әр бағыттың жаңа өзгерістері мен ұсыныстары бар. Партиямыздың басты міндетін өздеріңіз де білесіздер. Біз халық үшін қызмет жасаймыз, – деді Манас Ершеге. Жиынға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин мен ақтөбелік ардагерлер қатысты. Олар үнемі «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтып, партияның жастарға көптеген мүмкіндік беріп отырғандарына риза екендігін жеткізді. – Кеңес үкіметінің уақытында сайлауға адамдарды айдап алып келетін еді. Сайлауға қатынас жүз пайыз болатын. Қазіргі заңнама бойынша ешкімді  сайлауға қинап шақырмайсың. «Nur Otan» бүгінгі таңдағы белді партия. Қалай десек те адамдар бір ғана идеямен өмір сүрмейді. Әр түрлі топта сан түрлі идея болады. Өткен жылдарда неше түрлі оқиғалар болды. Ата-бабаларымыз қазақтың жағдайы жақсы болсын деп тырысты. Біздің мемлекетіміз өте жақсы көтерілді. Тәуелсіздік алар тұста сауатсыз бір қазақ болған жоқ. Мемлекет болып құрылыдық деп сеніммен айтатын дәрежеге жеттік. Өз шекарамыз бар. Барлығын Елбасымыз бекітіп қойды. Соның барлығын «Nur Otan» партиясының күшімен құрды. Осы партия құрылғаннан бастап соның мүшесімін. Сондықтан партия үшін дауыс береміз. Қашан да өз патиямызды қолдаймыз. Партия халық үшін барлығын жасап жатыр. Осы жолы алғаш рет праймериз өтті, талай жасқа жол ашылды, – деп алғысын білдірді Ахат Мырзалин. Кездесу соңында адрагерлер қалалық маслихат депутаттығына үміткерлерге батасын беріп, ақтөбеліктерді алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық сайлау қорынан төленді