«Nur Otan» - ел сенімін ақтайтын партия!

«Nur Otan» - ел сенімін ақтайтын партия!

«Nur Otan» - ел сенімін ақтайтын партия!
ашық дереккөзі
«Партияда мүшелік ету артықшылық емес, қоғамға күнделікті адал еңбегіңмен пайдаңды тигізу» – «Nur Otan» партиясы Көшбасшы Н.Ә.Назарбаевтың осы сөздерін Ақмола облыстық мәслихатына Бұланды ауданынан кандидат Айбат Абайұлы Есентуров жұмысына бағдар етуде. Себебі, осыдан біраз жыл бұрын мүше болып кірген партия екі онжылдықтан астам уақыт ішінде еліміздің саяси аренасында жетекші позицияны ұстап келеді. Алдымыздағы сайлау «Nur Otan» партиясы үшін маңызды кезең болмақ, бірақ партияның сапалы құрамы, жүзеге асып жатқан жобалар, кең көлемді бағдарламалар және орындалып жатқан міндеттерді ескере отырып, жеңіске жетері сөзсіз. Айбат Абайұлы – үнемі ізденісте, өзін-өзі жетілдіру үстінде жүретін жан-жақты адам. Бүгінгі таңда Бұланды ауданының ауыл шаруашылық саласындағы беделі жоғары басшылардың бірі, Даниловка ауылдық округінде орналасқан «Даниловское и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Сонымен қатар тәжірибелі ұстаз, қамқор отағасы, еңбекшіл қожайын, көпшілік жұмысына ынталы, аудандық мәслихаттың депутаты. Сайлауалды бағдарламасында қойылған басымды міндеттерді алға тартып, өңірдегі маңызды мәселелерге көңіл аударуға дайын. Ал білікті басшы ретінде ауылға жастарды тарту, оларды жұмыспен қамтамасыз етіп, лайықты өмір сүру жағдайын жасау, басқарып отырған ауыл шаруашылық кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын арттыру, округтің әлеуметтік өміріне етене араласу сынды көптеген мәселелерді қолға алмақ. Жұмыстың қиындығына мойымай, жемісін көріп жүрген Айбат Абайұлы елдің болашағын «Nur Otan» партиясымен тығыз байланыстырады, себебі елімізде, өңірімізде, ауданымызда жасалып жатқан ізгі жұмыстардың бәрінде партияның үлесі зор. Ел сенімін ақтаған партия – жарқын келешектің кепілі! Бүгіндері «Даниловское и К» ЖШС-гі Бұланды ауданының аграрлық саласында алдыңғы қатарда тұрған серіктестіктердің бірі. Оның барлығы – орасан еңбек пен алға қойылған нақты мақсаттардың нәтижесі. Негізгі өндірістік бағыт - өсімдік шаруашылығы. Сондай-ақ, соңғы жылдары мал шаруашылығы да қарқын алып келеді. Мал өсіру жұмысын сапалы орындау үшін, серіктестік мал шаруашылық базаларын қайтадан қалпына келтіріп, ауыл халқын жаңа жұмыс орындармен қамтамасыз етуде. Егістік іс-шараларға да жергілікті тұрғындар тартылып, жалақысын уақытылы алуда. Айбат Абайұлы – бұрыңғы совет партия мектебінде ысылып, жауапкершілігі зор, адамгершілік қасиетері жоғары жан-жақты қалыптасқан тұлға, сондықтан «Nur Otan» партиясы қатарында осындай абыройлы азаматтардың болуы партияның беделін асқақтатары анық. Сайлаушылармен кездесу барысында Айбат Абайұлы партияның сайлауалды бағдарламасындағы басты міндеттерге тоқтала келе, оларды ауызбіршілікке, ынтымаққа, адал еңбекке шақырады. Өйткені, үлкен жетістіктерге жету үшін халық бір бағытта қарап, бірлігі жарасуы абзал, ал сенімді болашақ «Nur Otan» партиясымен бірге!
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.