Ел бойынша 10 000 жасотандық Тәуелсіздікті тәу етіп, гүл шоқтарын қойды
Ел бойынша 10 000 жасотандық Тәуелсіздікті тәу етіп, гүл шоқтарын қойды
«Jas Otan» жастар қанатының 10 мыңнан астам белсендісі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.
16 желтоқсан – қазақстандықтар үшін ең басты мемлекеттік мереке. Бұл күні 1991 жылы Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Лидері Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңына қол қойды.
90-шы жылдары егемендікке қол жеткізе отырып, біз экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, орнықты мемлекеттік институттар құра алдық. Жалпы Тәуелсіздіктің 29 жылы – бұл күрделі реформалар мен күрделі шешімдер кезеңі болды, нәтижесінде Қазақстан кеңестік перифериядан халықаралық аренада кеңінен танымал нарықтық экономикасы бар мемлекетке айналдырды. Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанға әлемдік аренадағы позициясын нығайтуға және шетелдік инвестицияларды тартуға, Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет болуға мүмкіндік берді. Этносаралық бірлік пен келісімнің қалыптасқан бірегей үлгісі ретінде ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі болды.