Ешкі мінген балалар жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Ешкі мінген балалар жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Ешкі мінген балалар жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
ашық дереккөзі
Ешкі мінген балалар Қазнет қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Видеоны интернетке павлодарлық Қуандық Серікұлы жүктеген. Оның айтуынша, видеоны Павлодар облысы Воскресенка ауылында түсірген. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, видео авторы: «Бұл ауылда әпкем тұрады. Жақында оның үйінде қонақта болдым. Көрші үйдің балалары ешкі мініп жатты. Бір бала ешкіні тақымдап алған, екіншісі малды шанаға байлады. Өзім де ауылда өстім. Алайда мұндайды көргенім жоқ. Әрине, қызық. Бұған күліп, телефонға түсірдім», – дейді. Бір тәулік ішінде павлодарлық пабликтердің бірінде ғана бұл видео 100 мыңға жуық қаралым жинады. Желіде қызу талқыланған видеоға Воскресенка ауылында тұратын 11 жастағы Уәлихан Аип және 7 жасар Мансур Асаинов түскенін анықтаған. Ата-анасының айтуынша, балаларының ешкі мініп жүргеніне 3 жыл болыпты. Үйде Белок, Черныш және Серый атты 3 ешкі бар екен. «Балалар үй жануарларымен ойнағанды жақсы көреді. Ешкілер асыл тұқымды емес. Балалар оларды өздері үйретті. Кейін оларды шанаға жекті. Жазда олармен далада жүреді. Тіпті, жарысады да. Бұл жануарларды қолға үйретуге болады», – дейді балалардың анасы Сәуле Сүлейменова. Балалардың айтуынша, ешкілер пісте жегенді жақсы көреді.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)