Көкшетау тұрғындары балконға ту іліп, Тәуелсіздік күнін тойлауда

Көкшетау тұрғындары балконға ту іліп, Тәуелсіздік күнін тойлауда

Көкшетау тұрғындары балконға ту іліп, Тәуелсіздік күнін тойлауда
ашық дереккөзі
«Менің Туым – менің Отаным» республикалық челленджіне Көкшетау тұрғындары да атсалысты. Пәтерлерінің балконына еліміздің көк Туын іліп қойған Сарыарқа шағынауданы, 8/4 тұрғын үйінің тұрғындары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен осылайша құттықтады.  width= «Пәтер иелері мұндай акцияны ұйымдастыруды көптен армандады. Сарыарқа шағынауданында біздің тұрғын үй – ең биік ғимарат. Мұнда Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттары тұрады. Сол себепті «Менің Туым - менің Отаным» республикалық челленджіне аса қуанышпен атсалыстық», – дейді қала тұрғыны Мұрат Есмағамбетов. Айта кетейік, «Достық» үйінің бастамасымен қолға алынған шараға қаладағы өзге үйлердің тұрғындары да үн қосып жатыр. Сонымен бірге, қалада он шақты автокөліктің қатысуымен автошеру ұйымдастырылды.