IBF титулы: Данияр Елеусіновке Халықаралық бокс федерациясынан хат келді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental чемпионы титулымен марапатталды, – деп жазды Sports.kz.

«Құрметті Данияр Елеусінұлы! IBF сізді жартылай орта салмақтағы Intercontinental титулымен марапаттау құрметіне ие. 2020 жылдың 27 қарашасында Флорида штатының Голливуд қаласында Джулиус Индонгоны жеңгеніңіз, сіздің нағыз чемпион екеніңізді бүкіл әлемге дәлелдейді. Осы беделді марапатты қабыл алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз және сіз IBF титулын үлкен құрметпен, адалдықпен алып жүретініңізге сенімдіміз. Уақыты келгенде міндетті қорғау жекпе-жектері бойынша хабарласатын боламыз. Құрметпен, (IBF) төрағасы Карлос кіші-Ортис», – делінген Халықаралық бокс федерациясының төрағасы К. кіші-Ортистің ресми хатында.

Хаттың скриншотын Д.Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев өзінің Instagram-сторисінде жариялады.

Back to top button