Жаңақоныста спорт кешені салынады

Жаңақоныста спорт кешені салынады

Жаңақоныста спорт кешені салынады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Ақтөбе қалалық маслихат депутаттығына үміткер Галиф Джафаров Жаңақоныс массивінің тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Кездесуде Анар Даржанова мен Мақсат Заитов та болды. Олар халыққа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын» деп сөзін бастаған Ақтөбе қалалық сайлауалды штабының басшысы Сұлупан Панақызы 2021 жылының 10 қаңтар күні Жаңақоныс тұрғындарын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. – Ата-анамыз бала күнімізде мұғалім, дәрігер болыңдар деп өсірген еді. Дегенмен қазіргі жастар үш түрлі білім алады екен. Сонда олар өмірдің ағымына үлгереді. Осы жерде отырған адамдар экономикаға қабілетті жандар деп білемін. Десе де кіші және орта бизнесте халықтың 35%-ы ғана жұмыс жасайды. Ал, дамыған ел болу үшін халықтың 50%-ы кіші және орта бизнесте жұмыс жасау керек. Сонда ғана мемлекет осы бизнестің дамуына мүмкіндік береді. Кіші және орта бизнес кәсіпкерліктің локомативті. Олай болатын болса, жастар сол локомативтің маторы іспеттес. Енді осы бағдарламада көрсетілгендей халықты кәсіпкерлікке тарту үшін оарды оқыту, несие мәселесін шешу бойынша «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылдықтағы жоспары 700 мыңдай адамды кәсіпкерлікке тартады деген көрсеткіші бар. Бұл дегеніміз кәсібін жаңа бастайтын кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан тегін оқыту жүргізіледі. Осыдан 10-15 жыл бұрын шетелдіктер осылай жасаған тұста біздің ел қашан кәсіпкерлерге тегін оқыту жасайды деп армандаған едік. Міне, бүгінгі күні сол арманымызға жеттік. Сондықтан«Кіші және орта бизнеспен айналысқым келеді»,«Отбасылық бизнес ашқым келеді» деген жастарға, аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға толықтай мүмкіндік бар, – деді қалалық маслихат депутаттығына үміткер Анар Даржанова. спорт кешені Төрт баланың әкесі, спорт саласын өзгеге үлгі етіп жүрген Галиф Джафаров кездесуге жиналған жастарды бағдарламадағы спорт бағытымен таныстырды. «Жарты ғұмырымды спортқа арнадым» деген депутатыққа үміткер жастарды «Nur Otan» партиясын қолдауға шықырды. – Өзім спортшы болғандықтан біздің партияның спорт саласын толықтай қамтитынын айтып өткім келеді. Демалыс орындары, спорт алаңдары қаламызда жыл сайын салынып жатыр. Әлі де салынатын болады. Жаңақоныс тұрғындары үшін спорт алаңдары аз салынған. Дегенмен бағдарлама аясында 2022 жылға дейін Ақтөбе қаласында 8 дене шынықтыру-сауықтыру орталығы салынады. Соның ішінде Жаңақоныс тұрғындарына арналған спорт кешенін салу бағдарламада тұр. Осы жылы пандемияның әсерінен көп балалар спортты емес, вертуалды әлемді таңдап кетті. Бұған себеп болған осы тұста ешқайда шыға алмадық. Сондықтан әр үйдің алдында спортпен шұғылданатын алаң болғанын қалаймын. Егер сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдасақ, сол деңгейге жететініміз анық, – деді ол. Ал, «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің бірінші санатты маманы, қалалық маслихат депутаттығына үмңткер Мақсат Заитов партия бағдарламасы аясында қалада жаңа үйлердің бой көтеретінін айтып өтті. – Халыққа, қоғамға пайдамызды тигізу адамның кішкен де болса парызы. Қазіргі таңда мемелекеттік бағдарламаның түрлері көп. Соның ішінде көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларға араналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бар. Бұл бағдарламаны екі жыл бұрын партия съезінде қабылдаған болатын. Осы бағдарлама бүгінде ең нәтижелі, ең қолайлы және сұранысқа ие болып тұр. Халыққа несиенің екі пайызбен ғана береді.Партия аясында баспаналы болу үшін халыққа көптеген мүмкіндіктер жасалып жатыр. Қазіргі таңдағы біздің мақсатымыз осы мүмкіндікті халыққа жеткізу. Оның тиімді жолдарын түсіндіру. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында алдағы уақытта900-ге жуық пәтер тапсырылады. 2022 жылы «Нұр Ақтөбе» аумағында 1700 пәтер салынуына ықпал етеді. Халық үшін бізпартияның бағдарламасы ең тиімід болып саналады. Сондықтен әр ақтөбелікті дауыс беруге шақырамын, – деді Мақсат Заитов. Кездесу барысында үміткерлерге сұрақ қойып, өзінің ұсынысын білдіргендердің қатарында «Жаңақоныс» массивінің тұрғыны Бақберген Төлепбергенұлы бар. – Елбасымыз жолдауында спорт кешендерітегін болу керек деп еді. Қазір көп спорт кешені ақылы. Осы мәселе өз шешімін тапса деймін. Екінші жағынан кәсіпкерлерге қол ұшын созамын дедіңіздер. Шаруашылық қожалығын ашуға арыз түсірдім. Ендігі менің бір ұсынысым Галиф Джафаровқа болып тұр. Біздің артымыздан ерген жас ұрпақ сені, Ақтөбе қаласының әкімін үлгі ету керек. Сондықтан тым болмағанда қала мектептерін аралап, жастармен жиі кездесу өткізгендеріңзді қалаймын, – деді ол. Тұрғындармен кездесуге жиналған қалалық маслихат депутаттығына кандидаттар ақсақалдың ұсынысын бірауыздан қолдады. Өзін Жаңақоныс ауылындағы «Ерікті мүгедектер қоғамының» төрағасымын деп таныстырған Жолдыбай Айтқұлов қоғамдық көлік мәселесін тоқталды. – Жаңақонысқаекі автобус уақытын созбай келіп тұр. Қалаға дейін қатынайды. Дегенмен кей көшелерге дейін бармай қалады. Соны реттесеңіздер деймін. Бұрыннан айтылып жүр. Айтылып келеді. Осы мәселені қозғасаңыздар екен. Сонымен қатар сіздерге алғысымды білдіремін. Партия аясында айтылған сұрақтарымыз шешімін тауып жүр. Сайлауға барып дауыс беретін боламын, – деді ол. Айта кетейік, кездесу соңында тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат парақшалары тартылды.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық сайлау қорынан төленді