Жаңалықтар

Н.Назарбаевтың кітабы итальян тілінде жарық көрді

ашық дереккөзі

Н.Назарбаевтың кітабы итальян тілінде жарық көрді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-global: XXI ғасыр әлемі» атты кітабы итальян тілінде жарық көрді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Италиядағы ірі «Гордиев Узел» ғылыми-зерттеу орталығы аударған кітаптың тұсаукесері Италия Парламенті залдарының бірінде итальяндық депутаттар Серджио Дивина, Стефано Лучиди, Джакомо Стуккидің, дипломатиялық корпустың, мемлекеттің зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Іс-шараға қатысушылар "G-global" қазақстандық бастамамен және кітапта баяндалған негізгі қағидаттарымен таныстырылды. Тұсаукесер барысында Қазақстанның Италиядағы Елшісі Елемесов қатысушыларға Қазақстанның халықаралық бастамалары, Қазақстан Президентінің "Нұрлы жол" Жолдауы, АТОМ жобасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі және "EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге әзірлік туралы ақпарат берді. Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының соңғы съезінде ұсынған негізгі институционалды реформаларына ерекше назар аударылды», – делінген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Н. Назарбаевтың кітабы мен "G-Global" идеясы тұсаукесерге қатысушылар тарапынан едәуір қызығушылық тудырып, оң пікірлерге ие болған. Атап айтқанда, Италия Сенатының өкілі Серджио Дивина: «Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы қазіргі заманның жаһандық мәселелеріне арналған» деп атап өтіпті. Ал итальяндық сарапшылар Андреа Марчильяно және Аугусто Гранди дамудың қазақстандық үлгісі елеулі нәтиже көрсететінін айтқан.