Волейболшы қыздарға қол көтерген бапкер жұмыстан шеттетілді

Волейболшы қыздарға қол көтерген бапкер жұмыстан шеттетілді

Волейболшы қыздарға қол көтерген бапкер жұмыстан шеттетілді
ашық дереккөзі
Білім және ғылым министрлігінің өкілдері волейболшы қыздарды шапалақпен ұрған жаттықтырушының әрекетіне пікір білдірді. Мұнайлы ауданында 14-15 желтоқсан аралығында Н.Г.Вахтинаны еске алуға арналған волейбол жарысы кезінде командадағы қыздарға дөрекі әрекет көрсеткен жаттықтырушының видеосы желіде кеңінен тарап, жұрт наразылығын тудырған болатын. Бұл туралы turkystan.kz жазған болатын. Осы оқиғадан кейін балалардың құқығын қорғау комитеті білім беру ұйымы мен жарысқа шығуды ұйымдастырған педагогтың аты-жөнін анықтады. «Бұл видеода мұғалімнің балалардың құқығы мен педагогикалық этика нормаларын бұзғаны анық байқалады. Бұл ретте балалардың жарысқа шығуы және қатысуы қалалық білім бөлімінің рұқсатынсыз өткізілген. Қазір педагог жұмыстан шеттетілді, білім бөлімі тиісті тексеру жүргізіп жатыр. Балалармен жұмыс істейтін кез келген адам әрдайым педагогикалық этика нормаларын сақтауы керек», – деді балалардың құқығын қорғау комитетінен.