Маңғыстау облысында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды

Маңғыстау облысында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды

Маңғыстау облысында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штаб мүшелері «Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен онлайн жүздесу өткізді. Партияның өңірді дамыту бағдарламасы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстары, маңызды құжаттары, саяси белсенділігі толығымен айтылды.
Әлеуметпен тікелей байланыста қызмет ететін жұмысшылардың ұсыныс-пікірлері, өңірдің дамуына қатысты сауалдары сұралды. Халыққа қызмет көрсету орталығы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыруды қолға алды. Жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған, халықты ғимаратқа келуге міндеттемеу мақсатында құжаттарды электронды түрде беру шаралары жүзеге асырылғандығы айтылды. Маңғыстау Цифрландыру саясатының негізгі мақ­саты – халыққа қызмет көрсету орталық­тарының ісін оңтайландыру. Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметке онлайн қол жеткізу мүмкіндігі туды. Бұл әсіресе биыл әлемге таралған пандемия кезеңінде оң септігін тигізді. Әсіресе азаматтарды тіркеу, есептен шығару, құжаттандыру, құжаттарды қабылдау сынды қызметтер түрлерін үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігі туды. Халықпен байланыс деңгейін жоғарылату және бәсекеге қабілеттікті жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы да цифрландыру жолында жұмыс атқарып жатқаны айтылды. Бұл өз кезегінде ақпаратқа қолжетімділікті, дереу байланысқа шығу, халықтың ұсыныстарын, талап-тілектерін, қажеттіліктерін біліп отыруға жол ашады. Кездесуді жүргізген облыстық штаб мүшелері Жақсыгүл Махамбетова, Людмила Меңдіғалиева, Сағатбек Жұбанов «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысы жалғаса беретінін жеткізіп, партия – барлығы үшін ашық екенін айтты. Қызметкерлер оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.