«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің отырысы өтті

«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің отырысы өтті

«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің отырысы өтті
ашық дереккөзі
«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің Тәуелсіздік күніне арналған отырысы өтті. Партия мүшелері ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды.  width= Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваға «Парасат» ордені, партияның Қызылорда филиалының төрағасы Жорабек Прмановқа «Құрмет» ордені берілді. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсегүл Абдусаттарова, Қарағанды филиалының төрағасы Ермек Әбілдин, Қызылорда филиалының төрағасының орынбасары Шарбану Есекеева және партияның Орталық Кеңесінің хатшысы Асылхан Қожахметов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Айта кетейік, бұл басқосуда Орталық кеңес Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты В.А. Никоновтың мәлімдемесіне қатысты партия Мәлімдемесін қабылдады. Өтініш ҚР Үкіметіне, сондай-ақ РФ Мемлекеттік Думасының депутаттарына жіберіледі.