«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы Шымкентке келді

«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы Шымкентке келді

«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы Шымкентке келді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен кездесті. ⠀ Жалпы, біздің қалалық сайлауалды бағдарламамыз аясында 42 мектеп пен 22 медициналық мекеменің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала шетіндегі 620 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен, табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Әсіресе, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 3,5 мың пәтер ұсына отырып, 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән беріледі. ⠀ Сапар барысында қаладағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, олардың қатарында «AZALA Textile» мақта-мата комбинатына да бардық. ⠀ Жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алуды азайту және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Жалпы, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкентте 80 мың жұмыс орнын құра отырып, 23 жаңа кәсіпорын ашу жоспалануда. ⠀ Сонымен қатар Республикалық сайлауалды штаб мүшелерімен бірге Қаратау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында қалалықтармен кездестік. ⠀ Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл жасау үшін 5 жыл ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті 100% цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Сонымен бірге халыққа қолайлы болу үшін мемлекеттік органдардың барлық ақпараты бірыңғай жүйеге интеграцияланады. ⠀ Халықпен бірлесе отырып қана біз жемқорлықты жоя аламыз! ⠀ Сонымен, «Nur Otan» саяси қызметшілердің, соттардың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, пара берушілер мен пара алушылардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатаңдатуды көздеп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа шатылған жандардың квази және мемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл ретте жемқорлардан тәркіленген барлық мүлік азаматтарымыздың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталады. ⠀ Біздің сайлауалды бағдарламамызбен толығырақ nurotan2021.kz сайтынан танысуға болады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)