Никотиннің зияны туралы дау-дамай жалғасуда
Никотиннің зияны туралы дау-дамай жалғасуда
Грецияның әлемге белгілі кардиологтарының бірі Константинос Фарсалинос, Малайзияның ең танымал интернет ресурсы – Ракйат Пост беттерінде никотиннің қатерлі ісік дертін тудыратыны туралы мифті жоққа шығарды. Бұған дәлел ретінде, Қазақстанда электронды темекі деп аталып кеткен вейп-құралдарды пайдаланушы малайзиялықтар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы негіз болды.
«Никотин қатерлі ісік дертін тудырмайды, бұл шынайы факті. Дегенмен көптеген медицина сарапшылары никотинді обыр дертімен байланыстырып, қателік жасауды жалғастыруда. Никотинді пайдаланудың шылым шегумен және темекімен ешқандай байланысты емес болуы мүмкіндігін ұмытпау қажет. Айталық, түрлі-түсті орамжапырақты, баклажанды, картоп және қызанақты барлық адамдар жейді, ал олардың құрамында да никотин бар. Сонымен бірге қабықты бұрышта және шайда бар. Біз олар туралы ескерту жазбаларын жазуымыз қажет пе? Қатерлі ісікті шылым жанған кезде бөлінетін қарамай және химикаттар тудырады. Негізгі зиян келтіретін осы жану үдерісі. Көптеген шылым шегушілер және шекпейтіндер, білместіктерінің салдарынан никотин жапсырмалары, пастилалар және спрейлер тәрізді баламаларынан бас тартады, ал бұл мүлде дұрыс емес. Осындай жағдай, дәстүрлі шылымдар және олардың тұтануларымен салыстырғанда, ешқандай канцерогенді қарамай бөлінбейтін электронды шылымдарға да қатысты» - деп есептейді Фарсалинос.
Бұдан өзге, танымал дәрігер, шылымқұмарлардың дәстүрлі шылымдардан бас тартып, олардан аулақ болуға тырысқан әрекеттерінде электронды шылымдардың барынша тиімді көмекші екендігін, ал темекіні қойғызудың басқа терапия түрлерінің айтарлықтай табысты болмағандығын атап көрсетеді.
«Аман-саулық» қоғамдық қорының шылым шегудің баламалы әдістерін социологиялық зерттеулеріне сәйкес, қазақстандықтар да электронды темекіні никотинді пайдаланудың зияны аз түрі деп есептейді, мұны сауалнама жүргізілген респонденттердің жартысынан астамы атап өтті. Дегенмен, электронды темекіні пайдалануға ауысуды, темекіден толығымен бас тартудың тәсілі деп есептейтіндер әзірге тек 2 пайыз.
Бұл ретте, қор президенті Бақыт Түменова, никотиннің тәуелділікке әкелгенмен, бірақ канцероген болып табылмайтындығымен, ал негізгі зиянды заттар жану өнімдері екендігін, бұл өнімдердің электронды шылымдарда бөлінбейтіндігімен толық келіседі.
«Бүгінде жүргізіліп жатқан кампаниялар темекі шегуге түбегейлі қарсы, бірақ орнына ештеңе ұсынбайды. Сондықтан, біз жұмыс барысында, көптеген жылдар бойы шылым шеккен және осы шылымды қоюдың жолын іздеп жүрген жандармен жиі ұшырасамыз. Бүгінгі таңда дәрігер ретінде мен түсінемін, шылым шегу – бұл тәуелділік. Бұл - адамдардың жеңуі қиынға соғатын өте күрделі мәселе. Дамыған елдерде қарапайым темекілермен қатар олардың баламала түрлері де бар. Біздің социологиялық сауалнамамыз, зиян келтіруді төмендету, темекімен және шылым шегумен күресудің ең тиімді стратегиясы екендігін көрсетті», - деді Бақыт Түменова.
Малайзиядағы, нақты айтқанда Куала-Лумпурдағы вейингті ауқымды зерттеуге оралсақ, оның қатысушыларының 84,2%-ы электронды темекіге ауысқаннан бері өздерінің физикалық жағдайларының жақсарғандығын, 92,3%-ы өздерінің демалуларының жеңілдегендігін, ал 75,4%-ы ұйқыларының жақсарғандығын атап өтті. Қазақстандағы «Аман-саулық» ҚҚ пікірі бойынша, электронды темекілерге қатысты мәселелерді де мұқият зерттеп, барынша ауқымды социологиялық зерттеулер жүргізу қажет, лицензиялау мәселелерін қарастырып, осы аспектілердің барлығына үкімет деңгейінде көңіл бөлу қажет.