Жұмыссыз қалған 92,4 мың азаматқа жәрдемақы төленді

15 желтоқсан, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Жұмыссыз қалған 92,4 мың азаматқа жәрдемақы төленді Жыл басынан бері жұмыссыз қалған 92,4 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде 10 747 азаматқа төлем қараша айында тағайындалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Жәрдемақы жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге: Төлем автоматты түрде тағайындалады. МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады.