Жұмыссыз қалған 92,4 мың азаматқа жәрдемақы төленді

Жұмыссыз қалған 92,4 мың азаматқа жәрдемақы төленді

Жұмыссыз қалған 92,4 мың азаматқа жәрдемақы төленді
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері жұмыссыз қалған 92,4 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды. Оның ішінде 10 747 азаматқа төлем қараша айында тағайындалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Жәрдемақы жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге:
  • Egov.kz порталында авторизациялану;
  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  • Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
  • Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады);
  • Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек министрлігінің ақпарат жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет.
Төлем автоматты түрде тағайындалады. МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады.