«Ауыл» партиясының өкілдері қолөнер шеберлерімен кездесті

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Парламент Мәжілісіне ұсынылған кандидаттар Б.Төлеген, А.Көкеева және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатына үміткерлер Ф.Энгишев пен А.Елубаева қолөнер шеберлерімен кездесті. Кездесуге отандық қолөнер шеберлері қатысып, өз өнімдерін көрсетті.

Шеберлердің басым бөлігі – қандастар. «Ауыл» партиясының кандидаттарымен кездесуге этнодизайнер, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақ ұлттық дизайн академиясының академигі Қазипа Қалиқызы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Ақмола облысы филиалының басшысы, графикалық жарнама дизайнері Алтынгүл Мәденқызы қатысты.

Кездесу соңында «ауылдық» кандидаттар келушілерге партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Back to top button