Жаңалықтар

Студенттерге шәкіртақы төлеу жүйесі өзгереді – министр

ашық дереккөзі

Студенттерге шәкіртақы төлеу жүйесі өзгереді – министр

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта студенттерге шәкіртақы тікелей төленетінін айтты.  «Шәкіртақы төлеу жүйесін өзгертуге қатысты бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылдап жатырмыз. Келесі жылдың басында шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесіне көшуіміз мүмкін. Жаңа жүйеге сәйкес, студентке шәкіртақы университеттер арқылы емес, тікелей өзіне төленетін болады», – деді министр. Ведомство басшысы жаңа жүйеге қатысты әлі көптеген іс-шаралар атқарылуы қажет екенін атап өтті.