Студенттерге шәкіртақы төлеу жүйесі өзгереді – министр

Студенттерге шәкіртақы төлеу жүйесі өзгереді – министр

Студенттерге шәкіртақы төлеу жүйесі өзгереді – министр
ашық дереккөзі
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы уақытта студенттерге шәкіртақы тікелей төленетінін айтты.  «Шәкіртақы төлеу жүйесін өзгертуге қатысты бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылдап жатырмыз. Келесі жылдың басында шәкіртақы төлеудің жаңа жүйесіне көшуіміз мүмкін. Жаңа жүйеге сәйкес, студентке шәкіртақы университеттер арқылы емес, тікелей өзіне төленетін болады», деді министр. Ведомство басшысы жаңа жүйеге қатысты әлі көптеген іс-шаралар атқарылуы қажет екенін атап өтті.