Биыл ҰБТ ережесін бұзған талапкерлер өз еркімен гранттан бас тартты

Биыл ҰБТ ережесін бұзған талапкерлер өз еркімен гранттан бас тартты

Биыл ҰБТ ережесін бұзған талапкерлер өз еркімен гранттан бас тартты
ашық дереккөзі
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу ережесін бұзған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантынан өз еркімен бас тартты. «Adal bilim» жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобалық кеңсесінің жетекшісі Сергей Пан нақты деректер келтірді. «Биыл видео жазбаларды қарағаннан кейін ҰБТ ережесін бұзғаны үшін 2,5 мың талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл көп оқушыға және олардың ата-аналарына сабақ болды. ҰБТ үстінде ешкім ұстап алмағанымен, видео жазбаларды зерттегеннен кейін бәрібір жауап бересің. Мұның тәрбиелік мәні зор болғанын байқадық. Өйткені, ескерту алған балалар гранттан айыру туралы ресми шешім күткен жоқ, көбі өз еркімен бас тартты», деді Сергей Пан.