Министр қай университеттер лицензиясынан қағылатынын айтты

Министр қай университеттер лицензиясынан қағылатынын айтты

Министр қай университеттер лицензиясынан қағылатынын айтты
ашық дереккөзі
Жемқорлықты жоймаған университеттер тиісті бағыт бойынша лицензиясынан қағылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Адал білім» аудиті өткізіліп жатыр. Осы аудитті келесі жылдың ақпан айының соңына дейін аяқтау қажет. Одан кейін тиісті жоспар бекітетін боламыз. Бұл өте маңызды мәселе. Екіншіден, жоғары оқу орнында жемқорлық фактілеріне жол бермеу қажет. Бұл мәселені түбегейлі жоюға болады. Біраз университет оны бүгін жойды деп айта аламыз. Жалпы, осы мәселеден мүлдем аулақ жүрген кейбір университет бар. Демек, университеттің басшысы қаласа, мұндай проблеманы жоюға болады деген сөз. Яғни, бұл сол оқу орнында қабылданған саясатқа байланысты. Егер кейбір университет бұл мәселені жойса, басқа университеттердің қолынан бұл әлі келмей отырса, онда «неге?» деген сауал пайда болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында. Министр жемқорлық фактілері анықталған университеттерге қатысты ұсыныс болғанын атап өтті. «Тиісті бағыт бойынша ең алдымен лицензияны тоқтату, одан кейін тағы да қайталанған жағдайда лицензияны қайтару бойынша норманы зерттеу керек. Егер заң жүзінде орындалатын және зерттеу нәтижесінде дұрыс шешім болса, біз мұндай норманы қабылдауға дайынбыз. Өйткені, жоғары оқу орындарындағы жемқорлықты жою керектігі айтылғанына біраз уақыт болды. Бірақ, проблема бар, оны түбегейлі шешуіміз керек. Тиісті бағыттағы лицензиясынан айыру керек болса, онда мұндай шешімді де қабылдауға дайынбыз», - деді ол.