Жаңалықтар

ADAL партиясы проблемалық несиесі бар кәсіпкерлерге жаппай рақымшылық жасауды ұсынды

ашық дереккөзі

ADAL партиясы проблемалық несиесі бар кәсіпкерлерге жаппай рақымшылық жасауды ұсынды

ADAL партиясының экономиканы дамыту идеялары, халықты қолдайтын ұсыныстары, көпшілікті толғандыратын өзекті проблемаларды Мәжіліс депутаттығына кандидаттар өткізген кездесуде талқылады.

Павлодар облысында бірқатар кездесу өтті. Олардың көпшілігі көше бойында және сауда орындарында ұйымдастырылды. Мәселен, Шідерті ауылында болған Олжас Ордабаев пен Ақмарал Бекмырзаева бағдарламаның негізгі тармақтарын көрсетіп, партияның жалпы идеологиясы мен құндылығы туралы сөз қозғады. Ауыл тұрғындары науқастардың дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етілмеуі, сондай-ақ жайылымдық жердің жоқтығы сияқты бірнеше мәселемен шағымданды. Олжас Ордабаев бұл мәселелер партияның бақылауына алынатындығына сендірді. Екібастұз қаласы тұрғындарының арасында проблемалық несиесі бар кәсіпкерлер көп. Ақмарал Бекмырзаева партияның осындай несиелерге жаппай рақымшылық жасау туралы ұсынысы туралы айтты. Фермерлермен кездесу барысында Алмасбек Садырбаев АӨК пен бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді. Ардақ Назаров Жамбыл облысының Тараз қаласында кездесулер өткізді. Тараз қаласының «Тараз-Ғасыр» колледжінде жастармен кездесулердің бірі өткізілді. Ардақ Назаров өзі туралы, балалық шағы, спорттық мансабын қалай бастағаны туралы айтып берді. «Бала кезімізде біз жақсы жағдайда өмір сүрмегенімізге қарамастан, мен сынған жоқпын, жаман жолмен жүрмедім. Меніңше, бұл маңызды. Еңбекқор болу маңызды. Тек еңбек арқылы ғана табыс пен молшылыққа қол жеткізуге болады», – деді Ардақ Назаров.