Әлем бойынша қанша журналист түрмеде отыр?

Әлем бойынша қанша журналист түрмеде отыр?

Әлем бойынша қанша журналист түрмеде отыр?
ашық дереккөзі
Әлем бойынша 400-ге тарта БАҚ өкілі кәсіби қызметі үшін түрмеде жазасын өтеуде. "Шекарасыз тілшілер" атты журналистер құқығын қорғайтын ұйым осылай мәлімдеді, деп жазады Centralasian.org
Сотталған журналистердің дені - Қытай, Сауд Арабия, Египет, Вьетнам және Сирияда. 2020 жылы 50-ден астам журналист із-түссіз жоғалып кеткен немесе Сирия, Ирак пен Йеменде кепілдікте отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл түрмеге түскен әйел журналистер саны 35 процентке өскен. "Шекарасыз тілшілер" 1995 жылдан бері журналистерге көрсетілетін қысым мен қуғындау туралы мәліметті жыл сайын жариялап келеді.