Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды

Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды
ашық дереккөзі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфинов тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты. Талғат Маруанұлы бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын. Сонымен қатар білікті бапкер әр уақытта Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында жұмыс істеді. Келесі көктемде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуді бастайды. Ұлттық құрама ойыншылары топтық кезеңде Франция, Украина, Финляндия, сонымен қатар Босния және Герцеговина футболшыларымен кездеседі.